Описание

ХПА / әсер етуші зат: Натамицин

Шығарылу түрі және дозалануы: Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг.

Фармакотерапиялық тобы / негізгі әсері: Несеп-жыныс жүйесі және жыныстық гормондар. Кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда, гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Бактерияға қарсы препараттар. Натамицин.

АТХ коды: G01АА02

Негізгі көрсеткіштері: негізінен Candida саңырауқұлақтарынан туындаған вагинит, вульвит, вульвовагинит.

Қолдану жасы: 14 жастан бастап қолданылады.

Босату нысаны: Рецепт бойынша.

Дозалау және өлшеп-орау: 3 суппозиторий; 6 суппозиторий.